Аса ірі көлемде есірткі тасымалдады деген күдікпен Байқоңыр қаласының тұрғыны құрықталды. 51 жастағы азамат 19 келіден астам «кептірілген марихуананы» заңсыз өткізбек болған.

Байқоңырлық полиция қызметкерлері арнайы жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде «Самара – Шымкент» тасжолында жылдамдық режимін бұзған Хюндай маркалы автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында көліктен төрт үлкен полиэтилен пакетіне оралған жасыл түсті зат анықталып, айғақ зат ретінде тәркіленді. Сараптама нәтижесі бұл заттың 19 келі 530 грамм «кептірілген марихуана» екендігін нақтылап отыр.