#qyzylordatv
Облыс орталығында «Адам саудасына жол жоқ!» атты түсіндіру шарасы өтті. Автовокзал аумағында ұйымдастырылған акция барысында тұрғындарға адам саудасының алдын алу және күмәнді жұмыс ұсыныстарынан сақтану жолдары түсіндірілді.
Іс-шараға құқық қорғау органдары, еңбек инспекциясы, әлеуметтік сала мамандары мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Мамандар адам саудасының белгілері, күмәнді жұмыс ұсыныстарынан сақтану және құқық қорғау органдарына жүгіну тәртібі жөнінде ақпарат берді. Сонымен қатар тұрғындарға арнайы жадынамалар таратылды.
Шара барысында такси жүргізушілеріне де түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мамандар кәмелетке толмаған жолаушылардың ата-анасының немесе заңды өкілінің бақылауымен жүруі қажеттігін ескертті.