#qyzylordatv
Қоршаған ортаны қорғау, оны күтіп ұстау тек мемлекеттің ғана емес, әр азаматтың міндеті және қоғамның ортақ негізгі құндылықтардың бірі болуы тиіс. Өңірде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына бір күнде 18 мыңға жуық тұрғын қатысты. Аймақ басшысы көппен бірге көшет отырғызып, көшелі іске атсалысты.
Жалпы, өңірде экологиялық акция басталғаннан бері үздіксіз үлес қосып жүрген жандар жетерлік. Осы орайда кезекті науқан аясында тазалықты тірлігіне тірек еткен 100-ге жуық қызметкерге құрмет көрсетілді. Олардың арасында түрлі саланың өкілдері мен экобелсенділер, ерікті жастар да бар. Сондай-ақ, салалық мекемелерге 26 арнайы техника табысталды. Интершум: /көлік табыстау
Қала тазалығын қамтамасыз ету үшін күн сайын 30-дан аса техника және 180 жұмысшы тартылады. Олар тәулігіне 90 тоннаға жуық қоқыс шығарады. Қазір қала тазалығына жауапты кәсіпорынның техникалық паркі 80 пайызға жаңарған. «Таза Қазақстан» акциясы аясында бұл мекемеге тағы 5 қоқыс шығаратын көлік берілді.
САПАРҒАЛИ АСЫЛБЕКОВ - «ҚЫЗЫЛОРДА ТАЗАЛЫҒЫ» МЕКЕМЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Күнделікті графикпен қоқыс тазалайды. Көппәтерлі тұрғын үйлердің ауласындағы қоқыстарды алады. Таңертең, кешке су себу жұмыстары да жүргізіледі. «Таза Қазақстан» акциясы аясында осы техникалардың келуі бізге үлкен көмек болады. Өйткені техникасыз ешқандай шаруа бітпейді
Жалпы бұл жолғы акцияға өңірде 18 мыңға жуық тұрғын атсалысты. Олардың қатарында зиялы қауым өкілдері, жергілікті мәслихат депутаттары және экобелсенділер бар. Айта кетейік, осы бастама аясында облыс орталығындағы 80-нен астам ескі көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті заманауи панельдермен қапталды. Бұл күні ботаникалық баққа бас-аяғы 500 дана қылқан жапырақты ағаш отырғызылып, арнайы мамандар күтімге алатын болды.
МАЙНҰР БӨРІБАЕВА - ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ
Ботаникалық бақ тек ғылыми зерттеулерге арналған емес, қала тұрғындарына, таңғы бестен бастап демалатын, оның ішінде мына тренажорлық әртүрлі бізде қондырғылар бар