#qyzylordatv
Облыс орталығындағы Байзақ Момынбаев атындағы №278 IT мектеп-лицейінде де бүгін соңғы қоңырау салтанаты ұйымдастырылды. Аталмыш шараға қала әкімі Нұржан Ахатов арнайы қатысып, үлкен өмірге қадам басқан жас түлектерге тілегін білдірді.
№278 IT мектеп-лицейі оқушыларға жаңа технология мен тәлімді тәрбиені қатар дарытқан бірегей білім ошағы. Биыл мұнда 61 түлек мектеп бітіріп, үлкен өмірге қадам басып отыр. Олардың барлығы болашақта ел дамуына үлес қосатын сауатты маман болуды көздейді. Бұл ретте алда маңызды білім сынағы тұр. Қала әкімі Нұржан Ахатов жас түлектерге сәттілік тілеп, ыстық ықыласын жеткізді.
НҰРЖАН АХАТОВ – ҚАЛА ӘКІМІ
Баршаңызды «Соңғы қоңырау» салтанатымен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін еліміздің барлық өңірінде бала бақыты мен ұстаз ұлағатын ұлықтайтын сәт. Орта мектептерде кезекті оқу жылы аяқталып, қимас сезім мен албырт жүректің лүпілі ақтарылған арайлы күн. Дәл осы күні шәкіртін шыңдаған шынайы еңбектің иелері – ұлағатты ұстаздар түлектерін ыстық ұясынан ұшырмақ. Кеше ғана баласындай баптап, білім бағына бастаған әрекет берекетке бастау алды.
Бұл өмір жолындағы ең ыстық сәттің бірі. Жас түлектер 11 жыл білім алған алтын ұя мектепке қимастық сезімдерін анық байқатты. Білім ошағына тарыдай боп енген сәттегі естеліктер айтылып, барлығы ән айтып, би билеп, шынайы өнерлерін ортаға салды.
ӘЙГЕРІМ ЖЕТЕС – БІТІРУШІ ТҮЛЕК
Бүгін өте қобалжулы күн болды. Мектепті бірінші рет бітіріп тұрмыз ощущение қобалжимыз. Өте күшті болып тұрмыз, бақыттымыз. Біз бір-бірімізді мектеп бітіріп кеткенге дейін де қолдаймыз. Алдағы грант ҰБТ-да бүкілі жақсы тапсырып шықса, бүкіліне сәттілік тілеймін. Мақсатым – грантқа түсу.
МАНАС АЙНИЕТОВ – БІТІРУШІ ТҮЛЕК
Көптен күткен сәт. Жаңа үлкен өмірге үлкен қадам бұл. Осы жылғы түлектерге сәттілік тілеймін. Осы жыл маған әсерлі болды соңғы жыл болған соң, мектепке сәл қимастық бар, осы мектепті бітіргеніме қуаныштымын.
Мектеп бітіру кешінде ұлағатты ұстаздар мен ата-аналар да ағынан жарылып, жас түлектерге тілектерін жеткізді. Енді олар алдағы сынақтардан сүрінбей өтіп, армандаған мамандық иесі атануға қадам баспақ.