#qyzylordatv
Облыс орталығында балалардың көпқабатты тұрғын үйлердің терезесінен құлап кету жағдайы жиілеген. Жыл басынан бері бақылаусыз қалған 7 бала терезеден құлап, жарақат алған.
Жазатайым оқиғаның алдын алу мақсатында төтеншеліктер тұрғын үйлерді аралап, тұрғындарды қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақыруда. Ата-аналарға барынша сақ болып, балаларды көзден таса қалдырмауларын сұрайды.
Құтқарушылардың айтуынша, көпқабатты үйден құлаған балалардың дені – ата-ананың қарауынсыз және үйде жалғыз қалғандар. Сондай-ақ терезеде қорғаныш торлар немесе шектеуіштердің болмауы - басты себептің бірі.