#qyzylordatv

 Бүгін аймақта 10 мыңнан астам жас түлек алтын ұя мектебімен қоштасып, жарқын өмірге қадам басты. Соның 95-і қаладағы Мырзабек Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицей оқушылары. Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев мектеп бітірушілердің салтанатты шарасына қатысып, қияға қанат қаққалы тұрған түлектерге сәт сапар тіледі.

25 мамыр мектеп түлектері үшін естен кетпес ерекше сәт. Осыдан 11 жыл бұрын мектеп табалдырығын имене аттаған ұл-қыздар дәл бүгін «Алтын ұя» мектебімен қоштасып, болашаққа жолдама алды. Содан болар жүректе толғаныс, көңілде қимастық сезім бар. Мырзабек Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейді биыл 95 оқушы бітіріп отыр. Оның 12-і «Алтын белгіге», 10-ы «Үздік аттестатқа» үміткер.

ТОРҒЫН МҰРАТБЕК, БІТІРУШІ ТҮЛЕК

Әрқайсысымыздың жүрегімізде бр-бір арман, өте толқу сезіміндеміз....

 Білім ошағы биылғы оқу жылын үлкен жетістіктермен қорытындылап отыр. Атап айтсақ, 105 оқушы қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық дәрежедегі олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпазы атанды. Ұстаздардың да бағындырған белесі аз емес. Мектеп бітіру салтанатты шарасына қатысқан облыс әкімі шәкірттерге сапалы білім берген педагогтерге алғыс айтып, оқушыларға сәттілік тіледі.

 МҰРАТ ЕРГЕШБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ

Білім беру саласында айтарлықтай ауқымды жобалар жүзеге асырылып, жаңа заманауи

45 білім беру нысандары ел игілігіне берілді. Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында

10 жаңа мектеп салынды. Соның бірі өздеріңіз алғашқы түлегі саналатын Мырзабек Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейінің

жаңа ғимараты да бар. Аталған мектеп арқылы Арай мөлтек ауданындағы мемлекеттік мектеп мәселесі өз шешімін тапты\

 Шара барысында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев жарқын өмірде қадам басқалы тұрған түлектерге батасын берсе, қала тұрғыны Мұхит Төребаев ата-аналардың атынан жүрекжарды лебізін жеткізді.

Салтанатты кеште түлектер мектеп вальсін билеп, шараның көрігін кіргізді.