#qyzylordatv
Облыс әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болды. Күн тәртібінде рәміздерді қолдану және орналастыруға қатысты мәселелер қаралып, талдау жүргізілді.
Ел нышандарын орналастырудың ұлттық стандарттарға сәйкес бекітілген ережесі бар. Жиын барысында мекемелерге рәміздерді пайдалану тұрғысында бақылауды күшейту және жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша мәселелер талқыланды.
Комиссия қорытындысымен жауапты басқарма басшыларына, Қызылорда қаласы және аудан әкімдеріне, сондай-ақ, аумақтық департамент басшыларына бекітілген стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды.