#qyzylordatv
Мемлекет басшысы бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің қаңтар-сәуір айларындағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері және алдағы әлеуметтік-экономикалық даму жоспары баяндалды. Мұрат Ергешбаев аймақта қолайлы инвестициялық климат қалыптасып, экономиканы әртараптандыруда алдағы үш жылға 1 триллион 900 миллиард теңгенің 48 инвестициялық жобасын іске асыру жоспарланғанын айтты.
Биыл 1 триллион теңгеге 14 ірі жобаның құрылысы басталады. Жыл соңына дейін 10 елді мекен газдандырылып, халықтың 85 пайызы көгілдір отынның игілігін көреді. Үй кезегіндегі азаматтарды баспанамен қамту мақсатында биыл 2 400 пәтер беру жоспарланған. Мемлекет басшысы облыс әкіміне экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту, экологиялық ахуалды ілгерілету және ауыл шаруашылығына су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстарын жалғастыру бойынша бірқатар тапсырма берді.