#qyzylordatv

Қала әкімі Нұржан Ахатов Пара пауэрлифтингтен өткен Азия және Мұхит аймағы ашық чемпионатының жеңімпазы Дильназ Айтжан мен оның бапкері Кабира Асқарованы қабылдады. Спортшыны жарқын жеңісімен құттықтаған Нұржан Сәбитұлы сый-құрмет көрсетті.

Дильназ Айтжан Таиланд астанасы Бангкок қаласында Пара пауэрлифтингтен өткен Азия және Мұхит аймағы ашық чемпионатында ел мерейін асырды. 67 келі салмақта сынға түскен жерлесіміз жалпы ұпай бойынша І орынды иеленді. Дүбірлі додаға 23 елден 250-ге жуық спортшы қатысты. Жас спортшыға қолдау білдірген қала әкімі «Құрмет грамотасымен» марапаттап, бапкері Кабира Асқарова екеуіне қаржылай сыйақы табыс етті.