Жалағашта еңбек адамдары Руханият орталығына барып, халық игілігіне берілген жаңа нысанның жұмысымен танысты. Іс-шараға өмірін еңбекке арнаған қыз-келіншектер қатысты.
ШАКИЗАТ ЖАЛҒАСҚЫЗЫ - ТІЛШІ
Аудандық тарихи өлкетану музейінде 8000-нан астам экспонат бар. Бір сөзбен айтқанда бұл музей Жалағаштың тарихынан сыр шертеді. Жұмысшы мамандық иелері алдымен құнды жәдігерлермен танысты.
Музейде археология, этнография және қолөнер бұйымдары, тарихи құжаттар,соғыс ардагерлерінің медальдары сақталған. Жұмысшы мамандық иелері музейді аралап болған соң, орталықтағы ардагерлер мен әйелдер кеңесі, және жастар ресурстық орталығында болды. Аудандық кітапхананың жұмысымен танысты.
ЖҰПАРКҮЛ ЖАРАСБАЕВА – ТІГІНШІ
Киім пішуші болып жұмыс істеймін, осы Руханият орталығы ашылды дегеннен экскурсия жасап, бар жағын көріп жатырмыз. Осы Жалағаш ауданында тұрамын. кіттәйымнан осы жерде өстім, ауданның ішінде осындай ғимарат салғанына көптен-көп рахмет. Осы жерде қаншама жастар жұмыс жасап жатыр екен, ол кісілерге де еңбектері жемісті болсын
Мұнан соң аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар облыс әкімі орынбасарының алғыс хатымен марапатталды.
АЛТЫНАЙ АЛИБАЕВА - «ӨРКЕН ӘЛЕМ» ЖШС ЦЕХ МЕҢГЕРУШІСІ
Тігін шеберханасында, «Өркен әлемде» цех меңгерушісі болып жұмыс жасаймын. Бізде әртүрлі жастағы қыз-келіншектер жұмыс жасайды. Біз тапсырысқа орай, әскери қызметкерлерге киім тігіп шығарамыз. Брон жилет тігеміз, оққағар, озыка, каска, пративопульный деген киімдер. Биыл жұмысшы мамандық жылына байланысты еңбегімді елеп, облыстан алғыс хатпен марапатталдым,алғысым шексіз. Мына, руханият орталығына келіп, тамашаладық, ғимарат өте әдемі.
ҚАЛАМҚАС КАРИМОВА – ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ХАТШЫСЫ
Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы және облыстық әйелдер кеңесімен бірлесіп,жаңадан ашылған руханият орталығына келіп отырмыз. Мақсатымыз жұмысшы мамандықтар жылына аясында жұмысшы мамандық иелерімен, аналармен осы орталықты таныстыру, кездесу. Жиынға қатысқан негізінен жұмысшы мамандық иелері деп отырмызғой, тігіншілер, наубайханашылар және трактор айдаған, жалпы еңбек адамдарымен кездесу.
Айта кету керек, Жалағаштағы «Руханият орталығы» өткен айда пайдалануға берілді. Бүгінде мәдени-тарихи маңызды нысан халық игілігі үшін кызмет көрсетіп келеді.