18 жасқа толған балалар Ұлттық қордан ақшаларын шешіп алып жатыр. 75 мыңнан аса өтініш қанағаттандырылды.
Оларға аударылған қаражаттың жалпы сомасы 8 млн доллардан асады. Бұл бір жылдағы көрсеткіш. Талапқа сәйкес, ақшаны екі мақсатқа пайдалануға болады. Білім алуға және тұрғын үй жағдайын жақсартуға. Бірақ, қаржы қолға берілмейді. Уәкілетті операторларға аударылады. Ұлттық қор бағдарламасы 2023 жылдан бері жүзеге асты. Алғашқы жылы кәмелетке толмаған балалардың шотына 100 доллардан, былтыр, 129 доллардан аударылды. Яғни, инвестициялық табыс өскен сайын, Ұлттық қордан балаға аударылатын қаражат көлемі де арта береді.