Облыстық прокуратураның үйлестіруімен Байқоңырлық полицейлер есірткі тасымалының жолын кесті. Тәртіп сақшылары Самара-Шымкент тасжолының Төретам кенті тұсында жылдамдық режимін бұзған автокөлікті тоқтатқан. Тексеру барысында 4 полиэтилен пакетке оралған салмағы 20 келі болатын кептірілген марихуана анықталып, айғақ зат ретінде тәркіленді. Қазіргі таңда аса ірі мөлшердегі есiрткi затын заңсыз тасымалдау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктіге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылған.