Қазақстан композиторлар қауымдастығының төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Артық Тоқсанбаевтың шығармашылығына арналған облыстық симфония оркестрінің концерті өтті. Бұл мәдениет майталманының Сыр еліндегі алғашқы шығармашылық кеші.

Музыка - адам жанын емдейтін ғылым. Артық Тоқсанбаев сол ғылымға өз өмірін арнаған азаматтың бірі. Күләш Байсейітова атындағы республикалық мектепте музыкалық сауатын ашып, өнер өлкесіне қадам басты. Ол қазақ классикалық, камералық музыкасына дем беріп, жаңаша бағытта дамуына үлес қосқан композитор.

АРТЫҚ ТОҚСАНБАЕВ - ҚАЗАҚСТАН КОМПОЗИТОРЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ // Академиялық музыка - бұл бүкіл әлемдік ортақ тіл. Яғни, оны музыкаға ынта-ықыласы бар кез келген адам түсінеді. Сондықтан қазақтың төл өнерін симфониялық,камералық оркестр арқылы әлемдік деңгейге шығару қажет.

Классикалық музыка кешінде Артық Тоқсанбаевтың «Кербез», «Бұраңбел», «Тәттімбетке тағзым» сынды шоқтығы биік шығармалары орындалды. Қазақ классикалық, камералық музыкасының жаңа тыныс алуына үлес қосқан композиторға аймақ басшысының құттықтау хаты табысталды.

Өте керемет деңгейде өтті. Ұнады. Мына балам музыкаға барып жүр. Соның айтуымен келдім. Жақсы екен. Тынығып қалдық.

 Керемт әсер алдық. Демалдық. Мұндай концерттер өте сирек болады ғой өзі. Көңіліміз көтеріліп жақсы болып тұрмыз. Осындай концерттер сирек емес, жиі болса екен дейміз.

Осылайша, классикалық кеш сырбойылық өнерсүйем қауымға ерекше серпіліс сыйлады.