#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #білім #мектеп

Биыл өңірдегі 149 білім беру ұйымы мемлекеттік аттестациялаудан өтеді. Олардың 52-і мектеп, 97-і балабақша. Талапқа сай келмеген білім ұяларының басшылары әкімшілік жауапқа тартылады. Тіпті, көпе-көрнеу келеңсіздік көбейсе, аталмыш білім ошақтары жабылуы да мүмкін. Бұл туралы облыс бойынша білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалия Дәулетова хабарлады.

Бірінші кезекте былтыр келеңсіздік тіркелген 49 білім беру ұйымы қайта аттестациялаудан өтеді. Содан соң жоспарға сәйкес, 149 білім ошағының жұмысы сараланбақ. Ал, оның нәтижесі Ұлттық білім беру деректер қорына енгізіледі. Айта кетейік, өткен жылы аттестациялау қорытындысымен аймақта 5 кешкі мектеп, 1 балабақша жабылды. Сондай-ақ, зерделеу жұмыстары кезінде анықталған кемшіліктерге байланысты 7 мектеп директорына әкімшілік айыппұл салынған.

ҒАЛИЯ ДӘУЛЕТОВА – ОБЛЫС БОЙЫНША БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ / 2024 жылы біз 5 кешкі мектепті мемлекеттік аттестациялау графигіне енгіздік. Оның нәтижесі бойынша 100 пайыз ол жақта оқып жатқан контингент түбегейлі тесттен өткен жоқ. Сонымен қатар, біліктілік талаптарына сай емес, өзінің ғимараттары жоқ. Сонымен қатар біз ол жерде жан-жақты талдау жасадық мектеп директорлары ротация, аттестация деген талаптардан мүлде тыс қалған.