#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #облыс #денсаулық
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаевамен кездесті. Кездесуде қордың Сыр елінде атқарған, қолға алған жұмыстары сараланды.
Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қоры арқылы Сыр елінде 4,8 млрд теңгенің денсаулық сақтау жобалары қаржыландырылды. «Бұл қаржыға Арал, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласында «Қамқорлық» оңалту орталықтары ашылды. Оған қоса 1 млрд 100 млн теңгеге скрининг жүргізуге арналған жылжымалы медициналық кешендер алынды. Бүгінде кешендер шалғай елді мекендер тұрғындарына тұрақты медициналық қызмет көрсетуде, – деді облыс әкімі.
Сонымен қатар, қор қаржысына сирек кездесетін ауруға шалдыққан науқастарға дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды. Басқосуда Ләззат Шыңғысбаева әріптестік байланыс одан әрі жалғасатынын жеткізді.