#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #жәрмеңке #арал #жұмыс
Арал аудандық прокуратурасының бастамасымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Іс-шара барысында алимент төлеуге мүмкіндігі жоқ борышкерлер мен пробация қызметінің есебінде тұрғандарға жұмыс орны ұсынылды.
Бүгінде Арал ауданы бойынша 33,9 млн теңгеге алимент берешегі қалыптасқан. Төлемдердің тұрақты жасалмауы борышкерлердің табысының болмауынан дейді, - мамандар. Осыған байланысты аудандық прокуратура борышкерлерді есепке алу және жұмыспен қамту шарасын қолға алды. Іс-шарада 12 мекемеден 49 бос жұмыс орны ұсынылды.
Айта кету керек, алимент төлеуден жалтару - қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соғады. Борышкер 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынады немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе