#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #спорт #шиелі

Тақырыпқа тұздық. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаржыландыруымен Шиелі ауданындағы Досбол датқа ауылында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді.

 Заманауи дене-шынықтыру сауықтыру нысанында волейбол, баскетбол және шағын футболмен шұғылдануға барлық жағдай жасалған. Жуынатын, киім ауыстыратын арнайы бөлмелері де бар. Ал елді-мекенде спортқа бейім жастар көп. Президент бастамасымен құрылған «Қазақстан Халқына» қорының арқасында ауыл балалары енді жайлы залда жаттығатын болады.

ШАХМАРДАН БАЙМАНОВ - ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа арнаған Жолдауында «Жастарымыз дені сау, мықты азамат болып өсуі керек. Сондықтан ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спорттың маңызы ерекше» деген болатын. Осы орайда, аймақ басшысының қолдауымен облысымызда заманауи үлгідегі спорт кешендерінің іргетасы қаланып, спортсүйер қауымның игілігіне табысталуда. Бұл спорт нысандары ауыл балаларының спортқа құлшынысын арттып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлкен қолдау болады деп сенеміз.

 ДАЙРАБАЙ САРМОЛДАЕВ – ДОСБОЛ ДАТҚА АУЫЛДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Мына, келешек жастарымызға жақсы болды. Жастарымыз көбейе берсін