#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #теңіз #кішіарал

Кіші Арал теңізіне былтыр қазан айынан бері 1 млрд текше метрге жуық су келді. Бұл көрсеткіш жоспарланған көлемнен 100 млн текше метрге артық.

Сондай-ақ, трансшекаралық өзенді тұтынатын тараптармен болған келісімнің оң әсері байқалып отыр. Тіршілік нәрінің көбеюіне Сыр өңіріндегі су үнемдеу технологиясының да септігі мол. Мәселен былтыр күріш алқаптарын лазерлік тегістеу және су үнемдеу технологияларын пайдалану арқылы шамамен 200 млн текше метр су үнемделіпті.

ЗЕЙНУЛЛА ҚАЗТОҒАНОВ – АРАЛ-СЫРДАРИЯ БАССЕЙНДІК ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

 Мемлекетаралық су шаруашылығы үйлестіру комиссиясында вегетациядан тыс кезеңде 1 қазан мен 1 сәуірге дейін түсетін су болжанған 1 млрд 7 млн. Бүгінгі таңға орындалып тұрғаны 1 млрд 148 млн текше метр кіші Арал теңізіне су түсті. Болжанған жоспарды 1 сәуірге дейін толық орындаймыз. Қызылорда облысында көлдерге, шабындықтарға, жайылымдарға, сайларға беріліп жатыр және Арал теңізіне бүгінгі таңға секундына 140 текше метр су түсуде.//