#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #сутасқыны #мәжіліс
Талдау нәтижесі су тасқынына қарсы өзекті мәселелердің дер кезінде шешілмегенін аңғартты. Бұл туралы облыс прокурорының төрағалығымен өткен су тасқынына қатысты ведомствоаралық жедел мәжілісте айтылды. Жиында азаматтық күштік құрылымдары мен уәкілетті органдардың төтенше жағдайға қарсы іс-қимылы мен алдын алу бағытында атқарылатын іс-шаралары пысықталды.
Облыс көлемінде жыл сайын ықтимал су басу аймақтарына 29 елді мекен енеді. Соның ішінде Жалағаш ауданы Шәменов ауылының тұсы жоғарғы тәуекел ретінде белгіленген. Жалпы дария бойында 23 қорғаныс бөгеті мен 3 су қоймасы күрделі жөндеуді қажет етеді. Олар: Манап, Көлтоған және Құмсай су қоймалары. Сондай-ақ бірқатар гидротехникалық нысандарға қатысты құжат мәселесі де көңіл көншітпей отыр. Облыс прокуроры жауапты мамандардың баяндамасын тыңдап, тиісті ұсынысын жолдады. Қадағалаушы орган өкілдері өткен жылы облыстық бюджет есебінен Сырдария өзенінің бойындағы 4 қорғаныс бөгетіне жөндеу жүргізгенін жеткізді.
ӘДІЛЖАН СЫЗДЫҚОВ – ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
талдау нәтижесі су тасқынына қарсы шараларды іске асыру барысында өзекті мәселелердің шешілмегенін көрсетті. Өткен жылы ТЖД облыс әкімдігіне жөндеу және қалпына келтіруді қажет ететін 30 нысанға қатысты ұсыныс енгізген. Алайда су тасқынына қарсы күрес қарсаңында олардың 43 пайызы орындалмаған. Қармақшы ауданында жазғы күзгі мезгілдерде су тасқынының алдын алу бойынша атқарылатын іс-шаралар жоспары аясында Сырдария өзенінің оң жағалауын бекіту жұмыстары бүгінге дейін жүргізілмеген. Оған қоса, облыста 23 қорғаныс бөгеті мен 3 су қоймасы жөндеуді қажет етеді.//