#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #дальтонизм#түстер
Әлемде әйелдерге қарағанда ерлер түрлі түсті ажырата алмайды екен. Яғни, дальтонизм ер азаматтарда басымырақ. Мұның себебі неде? Бұл дерт пе әлде ерекшелік пе? Бұл сұраққа жауапты тілшіміз Мәншүк Талғатқызы іздеп көрді.
МӘНШҮК ТАЛҒАТҚЫЗЫ –ТІЛШІ \Әлемде 100 миллионнан астам түс бар екен, ал адам соның тек 10 пайызын ғана ажырата алады. Олардың ішінде дүниені тек ақ және қара түс қалпында қабылдайтындар да бар\
Әдетте қызыл мен жасыл түсті ажырата алмайтындарға дальтонизм диагнозы қойылады. Мамандардың сөзінше бұл дерт емес, адам бойындағы бір ерекшелік. Әлемде түсті танымайтын атақты адамдар бар. Мәселен, Леонардо да Винчи мен Марк Цукерберг дальтониктер.
МҰРАТ БАЙХАДАМОВ, ОФТАЛЬМОЛОГ ДӘРІГЕР Джон Дальтон англияның ғалымы өзі дальтонизм болған, яғни ол басқа адамдарға көріп тұрған түстерін айтқан, олар сенбеген арада келіспеушілік көп болған оған қолдау білдірген тек ағасы болған. Олда дальтонизм болған. Джон Дальтон өзі өлген кезінде екі көзін ғылымға тапсырып егер осы диагнозды зерттейтін болсаңдар менің көзімді пайдалансаңдар болады деп екі көзін аманнаттап тастап кеткен\
Дальтонизм туа біткен және жүре біткен болып бөлінеді. Туа біткен дальтонизм негізінен ерлерде тұқым қуалайды. Ал, жүре біткен дальтонизм көздің немесе орталық жүйке жүйесінің ауруға шалдығуынан болады. Сондықтан түсті ажырата алмаудың белгісі байқалған жағдайда көз дәрігеріне қаралған жөн.
МҰРАТ БАЙХАДАМОВ, ОФТАЛЬМОЛОГ ДӘРІГЕР Біздің облысымызда дальтонизмдер бар менің практикамда дальтонизм адамдармен қанша рет кезіктім әсіресе әскерге қабылдау кезінде Дальтонизм ол Х хромосомасының ішіндегі құбылыс болғаннан кейін тұқым қуалайды. Дальтонизм диагнозының емі жоқ,бірақ технологиялар даму үстінде қазір бір көзілдірікті ойлап тапты, бұл көзілдірік өзінің арнайы фильтрлері арқылы жасыл қызыл түстердің оттенкасын күшейту арқылы көмектеседі, яғни көзілдірік тағу арқылы олар жасыл мен қызылды ажыратады\
Транспорт, авиация саласына жұмысқа қабылданатын азаматтар міндетті түрде түсті ажырата білу керек. Ол үшін арнайы тесттен өту керек.
МҰРАТ БАЙХАДАМОВ, ОФТАЛЬМОЛОГ ДӘРІГЕР әлемде қолданатын тест ол ишехара деген тест. Ал, Қазақстанда кітапша бар......\
Бір қызығы әйелдерге қарағанда көбіне ерлер түсті дөп басып айта алмайды екен. Бұл ғылымда дәлелденген. Осы тұрғыда қала тұрғындары түстерді қаншалықты ажырата алатынын өздерінен сұрап көрдік.
МӘНШҮК ТАЛҒАТҚЫЗЫ: Көздің дұрыс көрмеуі, сан түрлі дерттің себепкері болатынын білдік. Әлемді әдемі қалпында, ал әр алуан түсті айқын көру үшін ең әуелі жанарымызды сақтайық!