#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #жас талант#өнер

Қаладағы зияткерлік мектептің оқушысы Сырсұңқар Базарбайұлы шығармашылық кеш өткізді. Онда жас таланттың бірнеше тырнақалды туындысы тұңғыш рет тыңдарманға жол тартты. Тақырыпты тілшіміз тарқатады...

 Сырсұңқар Базарбайұлы. Тайында танылған жас талант. Бір бойына сан өнерді сыйдырған Сырдың жас серісі. Биыл оның өнер өлкесіне қадам басқанына - 10 жыл. Осы уақыт ішінде талай ән додасынан олжалып оралып, аймақ мерейін асырған кезі аз емес.

ЖАРАСБЕК ӨТЕБАЕВ -оның есту қабілеті жалпы, музыкалық қабілеті өте жоғары. Оның ішкі ырғақты естуі, оның түсінуі өте күшті. Мен сонысымен мақтанамын.

ҮКІТАЙ ЕРНИЯЗОВ - ӘНШІ, КОМПОЗИТОР Ұстаз бен шәкірт тақырыбында ән жаздық. Өте жан-жақты бала. Болашағынан үлкен үміт күтеміз. Оның алғырлығы, бір көрсеткен дүниені бірден қағып алатындығы бізді қызықтырады. Бізді таңғалдырады.

Ұстаздардың айтуынша, мұндай дарын екінің біріне қона бермейтін бақыт. Сырсұңқар эстарадалық бағыттан бөлек, дәстүрлі өнерге де ден қойған. Бүгінде белгілі жырау Руслан Ахметовтен тәлім алып жүр.

РУСЛАН АХМЕТОВ – ЖЫРАУ Осындай шәкірттерді сырбойының жер-жерінен іздеп жүретін жағдайымыз бар.

 Өнерлі өрен қазір зияткерлік мектептің 12-ші сыныбында білім алады. Онда физика-информатика бағыты бойынша тереңдетіп оқытады. Жас талант осында алған ілімін өнермен ұштасырып жатыр. Бүгінде ол «жыр домбыра» атты интерактивті құрал жасаған.

СЫРСҰҢҚАР БАЗАРБАЙҰЛЫ – ЖАС ӘНШІ оның негізгі мақсаты ұмытылып бара жатқан жыр-дастандарды қазақ жастарының арасында насихаттау.

Сырсұңқардың арманы асқақ, мақсаты айқын. Келешекте шығармашылығын әлде де шыңдап, қазақ өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдыруды көздейді.