Бөтеннің қорасынан қой ұрлаған күдікті қолға түсті. Оқиға Арал ауданында болған.

Аудан тұрғыны қорасынан қой ұрланғаны жөнінде полицияға арыз берген. Тәртіп сақшыларының жедел әрекетінің арқасында 29 жастағы жігіт ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, ұрланған қой иесіне қайтарылды.