#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #әуежай #шынызауыты
Сыр өңірінде «Цирфлық депо» жобасы іске қосылады. Жобаның жалпы, құны 15,4 млрд теңге тұрады. Сондай-ақ, жылына 90 млн дана кірпіш шығаруға қауқарлы зауыт өз жұмыс бастайды. Жұмыс сапарымен арнайы келген үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтеруге бағытталған жобалармен танысты.
Вице-перемьер алдымен Қорқыт Ата әуежайының жаңа терминалында болды. Заманауи ғимарат жылына 2 миллион жолаушыға қызмет көрсетеді. Роман Скляр жаңа нысан сауда-саттық көлемінің өсуіне оң септігін тигізетінін айтты.
Ал, Белкөл кентіндегі «Жолаушылар вагондарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету кешені» жақында өз жұмысын бастайды. «Цифрлық депо» жобасы екі бағыттан тұрады. Бірінші кезекте, жолаушылар вагонын ағымдағы жөндеуден өткізсе, ендігісі, жаңа технологиялар көмегімен жылына 30-40 вагон құрастыру көзделген.
Шыны зауыты - Сыр өңірінің экономикасына серпін берді. Зауыт іске қосылғалы 40 млрд теңгені құрайтын 31,4 млн шаршы метр өнім өндірді. Оның ішінде 70% ішкі нарыққа, қалғаны экспортқа шығарылды. Осы индустриялды аймақта кірпіш зауыты салынып жатыр. Кешенің жылына 90 млн дана кірпіш шығаруға қауқарлы.
Бұл орталық Азиядағы алғашқы жоба. Зауыт толықтай автоматтандырылған. Біздің жылжымалы тоннельді пешіміз қыштың ыстығымен арнайы рельспен айналып жүріп отырады. Бұл деген бізде шығынды азайтады.
Осыдан соң Роман Скляр жаңа жылу электр орталығының құрылысын көрді. Қазіргі уақытта инвестор жобаны іске асыруға 135 млрд теңгедей қаржы салған. Орталық еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуда ең маңызды объектінің бірі саналады. Сапар барысында Тәуелсіздікке – 25 жыл» даңғылын реконструкциялау жұмыстарын көрді. Сырдария өзенінің қорғаныш бөгеті нығайтылып, аталған даңғылдың 6,7 шақырымы қайта жаңғыртылып жатыр.
Өңірде әлеуметтік нысандар құрылысы да ерекше қарқын алған. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 10 білім ордасын салу көзделген еді. Соның 5-еуі бүгінге дейін қолданысқа берілді. Бұдан бөлек, биыл тағы 5 мектептің құрылысы аяқталады. Сондай-ақ, Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 11 мың орындық Орталық стадион құрылысы қарқынды жүруде. Жобаны іске асыруға облыс бюджетінен 21 млрд теңгеге жуық қаржы бағытталған.
Әрі қарай Премьер-министрдің бірінші орынбасары жаңадан пайдалануға берілген автовокзалға барды. Одан соң, шағын өнеркәсіп аймақтарындағы жаңа жобалар мен өндіріс алаңдарын аралады. Жалпы, сол жағалаудан шағын өнеркәсіп паркін салу туралы 2 кәсіпкердің өтінімі мақұлданған. Бұл аумақтан ауыл шаруашылығы, азық-түлік өнімдерін шығару жоспарлануда.
былтыр Қыз.облысында МЭК жоғары өсуіне қол жеткізілді. Жергілікті органдар инвестиция, құрылыс саласы бойынша өсуге үлкен жұмыс жүргізді. Қызылорда қаласында ШӨ құру бойынша белсенді жүргізілуде. Бұл халықты жұмыспен қамтумен ШОБ инфрақұрылымды қолдау болады. Облыстың қолда бар әлеуеті өте маңызды. Сондықтан өсу динамикасын сақтау қажет.
Аймақта тұрғындарды баспанмен қамту бағытында да жүйелі жұмыс бар. 866,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 7 қабатты 6 тұрғын үйге 500-ден аса отбасы қоныстанды.