#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #спорт#топтықсайыс#азиякубогы
Спорт жаңалықтары. Таиланд астанасы Бангкокта нысана көздеуден Азия кубогы жалғасып жатыр. Жарыстың жеті күнінен кейін Қазақстан құрамасы 14 медальмен 1-орынға шықты.
Ел қоржынында 5 алтын бар. Топтық сайыста 10 метрден пневматикалық винтовкадан ату бойынша ерлер құрамасы алтын медаль жеңіп алды. Ал, жекелей және аралас циклде Олег Носков, Елизавета Безрукова мен Кирилл Цукановтар жеңіс тұғырына көтерілді. Бесінші алтынға ерлер құрамасы тапаншадан ату сайысында қол жеткізді. Сонымен қатар, қазақстандық спортшылар нысана көздеудің түрлі тәсілдері бойынша 6 күміс, 3 қола жүлде еншіледі.
Айта кетейік, құрлықтық бәсекеге 23 мемлекеттен 320-ға жуық спортшы қатысып жатыр. Азия Кубогы 22 ақпанда аяқталады.