#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #ассамблея #30жыл
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Осыған орай Қызылордада республикалық ғылыми-теориялық конференция өтіп жатыр. Қазір студиямен тікелей байланысқа әріптесім Әкімжан Жолтаев шығып тұр. Әкімжан, сөз кезегі өзіңізде.
Қайырлы күн, студия. Конференцияның тақырыбы: «Қазіргі Қазақстандағы этносаралық келісім мен тұрақтылық». Аты айтып тұрғандай, жиында бірлік пен тұрақтылықты нығайту, этносаралық қатынастарды дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Достық үйінде өтіп жатқан жиынға белгілі ғалымдар мен сарапшылар, қоғам қайраткерлері, жастар ұйымдарының өкілдері қатысуда. Қазір менің жанымда Қоғамдық келісім мекемесінің өкілі Дәулет Омаров. Дәулет мырза, айтулы датаға орай өңірімізде тағы қандай шаралар өтеді? Жалпы бүгінгі жиынның маңызы неде?
Рахмет. Конференцияға жергілікті ғалымдар мен қатар онлайн режимде Астана, Шымкент қалаларынан сарапшылар, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысып жатыр. Бүгінде Алаштың анасы атанған Сыр елінде 30-дан астам этнос өкілдері бір шаңырақтың астында тату-тәтті күн кешуде. Сондықтан Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерекесін атап өту - еліміз үшін ерекше әрі маңызды кезең. Студия, мендегі ақпарат осы \