Осыған дейін Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болған Серік Сермағамбетов жаңа қызметке тағайындалды. Енді ол Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы қызметін атқарады.

СЕРІК СЕРМАҒАМБЕТОВ - ҚР АШМ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Диктор кадр сыртында: Серік Сағитжанұлы Қазалы ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1988 жылы Алматы қаласында Балық шаруашылығы министрлігінің орталық материалдық-техникалық жабдықтау базасында бас экономист болып бастаған. Әр жылдары Қызылорда балық зауытының экономист-қаржыгері, облыс әкімі аппаратының басшысы, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. Сондай-ақ, Жалағаш және Арал ауданының әкімі, "Байқоңыр" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары болды. Ал, былтырдан бастап Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметін абыроймен атқарды.