#qyzylordatv
Биыл өңірде мектеп бітіру кешіне ақша жинауға қатаң тыйым салынды. Сондай-ақ, салтанатты кештерді мейрамханаларда өткізуге, кортеж ұйымдастыруға рұқсат берілмейді.
Бітіруші түлектер «Мектебім, саған мың алғыс!» атты соңғы қоңырау шарасына ғана қатысады. Ал, ақша жинап, ойын сауық орталықтарында отырыс өткізуге рұқсат берілмейді. Айта кету керек, биылғы оқу жылы 23 мамырда аяқталады. Осы күні еліміздегі барлық мектепте «Білімім – Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді.
Және бір айта кететін жәйт, 9-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихан 29 мамыр мен 10 маусым аралығында. Ал, 11- сынып оқушылары 30 мамыр мен 16 маусым аралығында емтихан тапсырады.