#qyzylordatv

Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында депутаттар тарапынан келіп түскен 33 ұсыныстың 16-сы қолдау тапты. Ал күн тәртібінде қаралған жеті мәселе егжей-тегжейлі талқыланып, сессия қарауына ұсынылды.

 Тұрақты комиссиялардың отырысында әрбір мәселеге қатысты баяндамалар тыңдалған. Сондықтан бірлескен жиын бірден сұрақ-жауаппен басталды. Мәселен депутат Ібайдулла Тілеп Қазалы ауданында ашылған спорт кешеніне қаржы бөлу жайы әлі шешілмегенін айтты.

ІБАЙДУЛЛА ТІЛЕП – ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

// Өткен жылы сұрадық, ол ақша берілмеді. Жылдың соңы болып қалды деп ақша жоқ. Келесі жылдың басында береміз дедіңіздер. 20-ақ млн теңге ақша әлі жоқ. Бесінші ай жылдың өтіп жатқанына. Ана кәсіпкер иә жарығына, иә жылуына төлей алмайды. Оған біздің балаларымыз барып ойнап жатыр. Сол жерде республикалық резерв ретінде гандболдан дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Біздің 20 млнды бере алмаймыз бір-бірімізге өтірік айтып сілтеп шығарып салып тұрсыз.//

Шынында мәселені шешуде бір-біріне сілтеу жағдайы бұл ғана емес. «Мақта қыз» ертегісінің мысалы көптеп кездесетін көрінеді. Депутаттар өзі көтерген әрбір түйткілдің түйінін тарқатамын дегенше дегбірі қашатынын жарыса айтты. Тіпті кейбірі елдің алдында берген уәденің уақыты өтіп, жұртпен жүздесуден қалғанын жасырмады.

Мынау да былтырдан келе жатқан мәселе. Облыстық білім басқармасы арқылы Ж. Баһадүр атындағы мектеп-интернат колледжге 24-25 оқу жылына колледждің 25 студентіне мемлекеттік тапсырыс негізінде қамтатамысз ету қаржы бөлінді. Бүгінгі күні аталған қаржы басқармада тұр.

 25 орын спорт басқармасына бекітіліп кеткен сондықтан ол білім басқармасы арқылы жүргізілген жоқ. //

«2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі бойынша облыстық экономика және қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Фарида Аббасова хабарлама жасап, депутаттар ұсынысына жауап берді.

 ФАРИДА АББАСОВА - ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

//Осы отырыста депутаттар корпусы тарапынан жалпы сомасы 10 млрд 200 млн теңгені құрайтын//

Басқосуда мұнан өзге Қызылорда қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы мәселе қаралды. Қаладағы Сайыпназар ахун тұйығы Қалмағанбет Оспанов, Яссауи-6 тұйығы Мәди Кереев және Бәйтерек шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге Дүкенбай Досжан есімін беру ұсынылды. Қызу талқыланған тақырыптың тағы бірі - жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу болды. Аудандық маңызы бар қалалар, кенттер мен ауылдық елді мекендерде бұл мөлшер осыдан 13 жыл бұрын бекітіліпті. Дегенмен оны көтеруге кейбір депутаттар түбегейлі қарсы болғанымен басым дауыспен мәселені қарау сессияға ұсынылды.