#qyzylordatv

Спорт ардагері құрмет төрінде. Қызылордада еркін күрестен Қазақстанның құрметті спорт қайраткері Хайрылбашар Ерназаров атындағы облыстық ашық турнир өтті.

 Татамидегі тартысты ойынды спорт ардагерінің шәкірттері дәстүрлі түрде ұйымдастырып келеді. Бүгінде Хайрылбашар Ерназаров 78 жаста. Нағыз түйе палуан дерсің. Қарапайым шопыр болып жүріп спортқа келуі де қызық.

 ХАЙРЫЛБАШАР ЕРНАЗАРОВ - ҚР ҚҰРМЕТТІ СПОРТ ҚАЙРАТКЕРІ

/// 1976 жылы мені Сұлутөбеге, Ломоносов орта мектебіне шақырды, қазіргі Мұстафа Шоқай мектебі, директор сол кезде Мәди Маханов деген азамат болды, менің басктебол, волейбол ойнағанымды көрген,шопандар тойында күрескенімді көрген, аудандық спорт мектебінің директоры екеуі келіп, менің көшіп келуіме себеп болды, Тарытоғайда шопыр боп жүріп, балуан атанғам. Одан кейін жақсы күресетін балдармен өзім күресіп, үйреніп, тер төгіп, ҚР спорт шебері болды, үш рет абсолюттік чемпион дейді ғой, түйе палуан болдым.

 Хайрылбашар Ерназаров Шиелі ауданы, Тарытоғай ауылының тумасы. Ауыл спортының дамуына көп еңбек сіңірді. Топ ішінде толағайларды танып, оларды баптап, чемпиондар шығарған мықты бапкер. Турнирге сол шәкірттерінің біразы келді.

 МАРИС ЕГІЗБАЕВ - Х.ЕРНАЗАРОВТЫҢ ШӘКІРТІ

Ағайдың шәкірттері келіп жатыр жан-жақтан, ең үздік шәкірті Махамбетов Кәрісбек деген бауырымыз бар, ол кісі халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қазір Қазақстан құрамасында бапкер болып қызмет атқарады. Болашақта осындай ізін жалғастырып, елімізідің көк байрағын үлкен жарыстарға, олимпиа шыңдарында желбіретіп, Қызылорда облысынан мықты шәкірттер дайындауға ат салысу, соны үгіт-насихат жүргізіп жатырмыз, жарыстың маңыздылығы сол.

 Боз кілем бәсекесі биыл үшінші мәрте өткізіліп отыр. 10 салмақ дәрежесі бойынша ер балалар, қыз балалар алты салмақта сайысты. Алматы, Шымкент, Қостанай, Түркістаннан келген спортшылар да бақ сынады.

 МҰХАММЕДЖАН АБЫЛАЙ - ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ

Алматыдан келдім осы жарысқа, еркін күреске үш жылдан бері қатысамын, нәтижелер бар, өскенде олимпиада чемпионы болғым келеді.

 Тартысты турнир нәтижесімен жеңімпаздарға арнайы белбеу және медаль табысталды.