#qyzylordatv
Спорт жаңалықтары. Қызылордалық «Қайсар» маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді! Футболдан ел чемпионатының кезекті турында дала қасқырлары өз алаңында Түркістанның «Тұран» командасымен кездесті.
Бұл матч қайсарлықтар үшін аса маңызды болды. Өйткені, бұған дейінгі турда өз алаңында «Ақтөбеге» есе жіберіп алған командаға жанкүйерлері ренішін білдірген болатын. Орынды талап спортшылардың жігерін жанып, рухын қайраған сыңайлы. Себебі ойынның алғашқы минуттарында-ақ жергілікті команда түркістандықтардың қақпасын торуылдаумен болды. Ал, 32-минутта Айбар Жақсылықов гол соғып, есеп ашылды. Бірақ, бас төреші қызылордалық шабуылшы ойыннан тыс қалды деп, гол есепке алынбады.
Екінші таймда да екі команданың аяқдопшылары аянып қалмады. Футболшылар қарқынын бәсеңдетпей, жеңіс голын соғуға асықты. Барлығы тең есеппен аяқталуға жақын еді. Алайда, «Тұранның» ресейлік легионері Лука Згурский өз алаңында тәртіп бұзып, қонақтардың қақпасына пенальти белгіленді.
Гол! Көптен күткен үш ұпай қоржынға түсті. Орталық алаңдағы ойынды трибунадан тамашалаған 3 мың жанкүйердің сенімі ақталып, атойлады. Ал, осы ойыннан кейін «Қайсар» 7 ұпаймен турнирлік кестеде бір сатыға жоғарылап, 10-орынға тұрақтады. Келесі матч сырт алаңда «Атырауға» қарсы өтеді.