#qyzylordatv
Облыс аумағында АН-2 маркалы ұшағы мәжбүрлі түрде жерге қонды. Оқиға кеше кешке сағат 18:40 шамасында болған. Төтенше жағдайлар қызметінің кезекші бөліміне түскен хабарламадан соң олардан байланыс мүлдем үзілген.
«Жедел іздестіруге төтенше жағдайлар министрлігінің барлық күштері мен құралдары тартылды»,- дейді мамандар. Сондай-ақ іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылыпты. Іздестіру тобының жедел іс-қимылдарының арқасында жоғалғандар 8 сағаттан кейін түн ортасында далалық аумақтан табылған. Тереңөзек кентіне жеткізілген азаматтар медициналық көмекті қажет етпеген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.
ИСАБЕК ДОСЖАН – ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
// «Азия» әуе команиясына тиесілі Ан-2 ұшағы мәжбүрлі түрде қонғандығы туралы хабарлама түсті. хабарлама бойынша іс-әрекеттер жүргізу барысында Сырдария ауданы Тереңөзек кентінен 30 шақырым жерде ұшақтың қонғандығы анықталды. Және экипаж құрамында 3 адам белгілі болды. ТЖД іздестіру тобы құрылып, құрамында 14 адам, 4 техника, 1 кинологиялық есеп, 1 ұшқышсыз ұшу апараты іздестіруге шықты. 19 мамыр 01 сағат 36 минутта іздестіруші тұлғалар барлығы аман есен табылып, аудан орталығына жеткізілді//