#qyzylordatv
Жаһандық климаттың өзгеру салдарынан елімізде су ресурстары мәселесі жылдан-жылға күрделеніп барады. Сыр бойындағы күріш шаруашылығымен айналысатын дихандарды да бұл мәселеге қатты алаңдаулы. Осыған байланысты Қазақстан мен Өзбекстан ғалымдары өңірімізде бас қосып, су ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын талқылады.
«Әсіресе, күріш алқаптарын суландыру мәселесіне жіті назар аудару керек,» - дейді мамандар. Қажетті көлемде су болмаса, суармалы егістік түгел құрдымға кетеді. Оның үстіне соңғы жылдары ішкі каналдар мен күріштіктер жүйесіндегі гидротехникалық құрылыстардың істен шығуы жиілеген. Ал, күріш атыздарының жан-жағын қалың қамыс басқандықтан, сушылар күнделікті су мөлшерін қадағалап отыра алмайды.
СЕРІКБАЙ ӨМІРЗАҚОВ - «Ы.ЖАҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КҮРІШ ШАРУАШЫЛЫҒЫ» ҒЗИ БАС ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ //Климаттың өзгеруі және судың тапшылығы жағдайында ғылыми жетістерді, нәтижелерді шаруашылықтарға ензігу арқылы су қорларын тиімді пайдаланудың жолдары бар. Сол себепті шет елдің ғалымдарымен бірлесіп, жұмыс істеуіміз үлкен мүмкіншілікке алып келеді. Екі өзен бойында орналасқан елдің өзара бірігіп, су ресурстарын пайдалану мәселесі өте өзекті. Өтйкені, дипломатиялық жолдарға да біз ғылыми нәтижелер арқылы қалай жұмыс жасау керегін көрсетіп, беріп жатырмыз.//