#qyzylordatv
Әбубәкір Тыныбаев атындағы нөмірі 11-ші мектеп лицейіне - 80 жыл толды. Осыған орай жыл бойы ұйымдастырылған шаралар легі салтанатты жиынмен қорытындыланды.
1945-ші жылы іргесі қаланып, ашылған тұста бастауыш мектеп болған білім ұясы 80 жыл ішінде талай шәкіртті қанат қақтырды. Соңғы үш жылда мектеп-лицейдің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, физика, химия, биология, технология кабинеттері жаңа үлгіде жабдықталған. Мектеп-лицей аумағы қоршалып, талапқа сай футбол, баскетбол алаңы тұрғызылды. Бүгінде білім ұясындағы екі жарым мың оқушыға екі жүзден астам мұғалім тәлім-тәрбие беруде. Салтанатты шарада үздік ұстаздар марапатталып, оқушылар мерекелік концертті тарту етті.
ГҮЛМИРА СҮЛЕЙМЕНОВА - Ә.ТЫНЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ №11 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ «Биылғы оқу жылында 80 жылдықтың аясында біздің оқушыларымыз көптеген жетістіктерге жетті. Әртүрлі жарыстарға қатысып та жүлделі оралып жатыр. Облыстық, республикалық олмпиадалардан орындарымыз бар. Мектебімізде география, химия, физика, биология кабинеттері қазіргі технологияға сай жабдықталған. Демеушілер есебінен де бірнеше кабинеттер ашылды».