#qyzylordatv
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы сақтандыру кеңсесінің басшысы Скендер Сыла мен Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бастаған бір топ маман Қызылорда медициналық жоғары колледжінің жұмысымен танысты. Іс-шараға, сондай-ақ, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев қатысты.
Медицинада науқастың денсаулығына дәрігерден кем жауап бермейтін орта буын қызметкерлер екені белгілі. Қызылорда медициналық жоғары колледжінде бүгінгі таңда үш мыңға жуық студент білім алып жатыр. Мамандарды даярлау сапасы жоғары стандарттарға негізделген оқу ордасының студенттері оқиға орнында зардап шеккен адамға көрсетілуі керек алғашқы шаралар кешенін көрсетті.
ЖАНАР ҚАЛМАҚОВА – ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ «Осы 1 жыл көлемінде тек қана Қазақстандағы өңірлермен ғана емес, шетелдік медицина колледждерімен меморандумға отырдық. Ол Латвия, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан. Жақын арада Германияға барып оламен ынтымақтастық жасап келдік. Соның нәтижесінде бірталай жұмыстар жасалып жатыр. біздің 3 студент Латвияға барып оқып келді. 20 оқытушымыз Стамбулға барып біліктілігін арттырды».
ДАМИР ОРЫНБАСАРОВ - СТУДЕНТ / «Латвия елінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша дантист мамандығына оқып келдім. Білім ордасы беріп отырған мүмкіндікті пайдаланып,көптеген жаңа ақпараттар алдым. Шет елде алған тәжірибемді болашақта қолданатын боламын.
Қызылорда медициналық жоғары колледжі интерактивті-анатомиялық, виртуалды жаттығу аппараты, Academix 3D тренажерлары бар виртуалды оқу кабинеттерімен жабдықталған. Сондай-ақ емдік фитошайлар өсіретін «Жасыл аптека» жылыжайының макеті орналастырылған.
ЕРЖАН СҮЛЕЙМЕНОВ – АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Қызығатын және үрйенетін дүниелер көп екен. жаңа инновациялық енгізулер көп екен. 3д, виртуалды деген кабинеттер бар. соның ішінен бізге де енгізетін нәрселер бар екен. соңғы 4-5 жылдың көлемінде көріп отырмыз, қызылорда жаңалықтар көп. Медицина саласында жаңашылықдар көп. Салыстырып көрсек, Қазақстанда 25-тей медициналық колледж бар ғой. Соның ішінде менің профисионалдық ойым, Қызылорда жоғары медициналық колледжі бірінші орынға сай. Жабдықтау жағынан, медициналық сапа жағынан бірінші орын деп ойлаймын».
ЖӘМИЛӘ САРЫБЕКОВА – ЖАМБЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
«Заманауи кабинеттерін көріп жатырмыз. Арнайы шеберлік класстары өтіп жатыр. Мейіргерлердің науақасқа алғашқы жәрдем көрсетуі, станцияларында шеберлік сағаттары жоғары деңгейде өтуде. Мұның барлығы орта буын медицина мамандарының сапасын арттыру, ең негізгісі ұл саулығын жақсарту».
Коледжде «Мейіргер ісі» орталығы жұмыс істеп тұр.
ЖАНАР ҚАЛМАҚОВА – ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
«Бас дәрігерлерден бастадық оқытуды. Өйткені бас дәрігер түсінбей, орта буынға қызметін істеткізе алмайды. Бас дәрігерлердің орынбасарларын оқыттық. Қазіргі таңда психологтарды, әлеуметтік қызметкерлерді, мейірбикелерді оқытып жатырмыз. Және біз анализ жасаған кезде мектеп аяжандарының біліктілігінің артпағанын білдік. Тек қана 1,9 пайыз болды. Қазіргі таңда көрсеткіш 98 пайызға жоғарылады. Біз барлық мектеп аяжандарын оқытып шықтық».
Айта кету керек, Сыр өңірінде денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда осы колледждің 12 студентіне Түркияның Стамбул қаласына, сондай-ақ тағы 5 студентке Латвия мемлекетінің Рига медициналық колледжіне жолдама берілді.