#qyzylordatv

Қызылордалық полицейлер жергілікті тұрғындарды өрттен арашалап қалды. Жазатайым жағдай облыс орталығындағы Арай мөлтек ауданында таңға таяу орын алған.

 Кешкі ауысымға кезекшілікке түскен патрульдік полиция батальонының инспекторлары Азат Қадыров пен Сүлеймен Камалов «Жастілек» көшесіндегі жер үйдің бірінен қою түтін шығып жатқанын байқап қалған. Олар дереу жедел қызметке хабарласып, көмек келуін сұрапты. Ал оған дейін қою түтін арасынан ретін тауып тұрғындарды құтқаруға шұғыл кіріседі. Осылайша тәртіп сақшылары жан-жағын жалын шарпыған үйден ұйықтап жатқан 66 жастағы қария мен немересін аман-есен сыртқа алып шықты. Мұнан соң көрші үйдің тұрғындарын да дереу эвакуациялау шарасы жүргізілді. Төтенше жағдайдан жапа шеккендер жоқ.