#qyzylordatv

Қаланың сол жағалауында орналасқан жаңа автовокзал ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы жөнінде полиция департаментінің «102» арнасына хабарлама келіп түсті. Өткен жұма күні ұйымдастырылған лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу жиынының сценарийі осылай басталды.

 Жарылғыш зат туралы хабарлама түскен бойда терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабының күш-құралдары дереу жұмылдырылып, автовокзал маңында жүрген жергілікті тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп, автокөліктер эвакуацияланды. Мұнан кейін, жедел штаб күш-құралдардың мүмкіндігімен жарылғыш зат залалсыздандырылып, аумағы 1200 шаршы метрді құрайтын екі қабатты ғимарат толық тексеріліп шықты. Сондай-ақ, оқу-жаттығуда күштік құрылымдардың лаңкестікке қарсы іс-қимылдар алгоритмі кезең-кезеңімен көрсетілді. Яғни, шартты террористерді анықтау, кепілге алынған азаматтарды босату және зардап шеккендерге көмек көрсету дағдылары пысықталды.

Айта кетейік, іс-шараға Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар департаментінен барлығы 200-дей жауынгер мен 45 арнайы техника жұмылдырылды.

 ЕРКІН ИГІБАЕВ – ОПД АРНАЙЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫЛДЫРУ ДАЯРЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ //Қазіргі таңда терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы мен тиісті күштік құралдармен алгоритмдік іс-қимылдарға сәйкес, жұмыстар жүргізіліп жатыр. осыған сәйкес, қала тұрғындары назарына жолды жабу мен адамдардың бөгет жасауын ескеріп, дұрыс жағынан түсіністікпен қаралаурын сұраймыз.//