#qyzylordatv
Қызылордада «Жаттығу» әлеуметтік жобасы бастау алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Таза Қазақстан» акциясы аясында қолға алынған іс-шара – жастарды біріктіруді көздейді.
«Бұл бір реттік сенбілік немесе қарапайым жаттығу емес, бұл өз ортасына немқұрайлы қарамайтын, өз ортасының тазалығы мен қауіпсіздігіне алаңдайтын жандардың бірлігі», - дейді жастар қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі Ерсұлтан Иманғали.
ЕРСҰЛТАН ИМАНҒАЛИ - «ДАЛА ҚЫРАНДАРЫ» ЖАСТАР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ «Тазалық деген ол бір жерді тазалау емес, керісінше сол жерді шашпай, таза ұстау. Біз осы «дала қырандары» 20 өңірден бірігіп, осы жобаны бастап жатырмыз. Қазір уборка істеп, тазалап, осы площадьканы қарамағымызға алып жатырмыз. Бұл жерде арнайы табличка болады. Спортсмендер ашық жаттығу өткізгісі келетін болса, сол жерге жазып кете алады. Бұл алғашқы жаттығу. Егер жастардың қатары көбейе берсе, жаттығулардың да саны көп болады».
Сыр жастары алғашқы абаттандыру жұмыстарын «Ақмешіт» мөлтек ауданынан бастады. 30-ға жуық белсенді спортшы өздері таңдап алған ауланың алаңқайы мен спорт алаңын тазалап алып, спорттық жаттығу жасады.
ҚАРАКӨЗ САЛЫҚОВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ «керемет бастама деп ойлаймын. Жастарға үлгі. Дами берсін. Осындай жобалар көбейе берсін. Қызығып балаларымыз көріп жатыр. Осындай тәрбиелі, үлгілі болып, өздерінің үлесін халыққа қоса берсін