#qyzylordatv
1 маусымнан бастап Республика Президентінің жанындағы жастар кадрлық резервіне құжат қабылдау басталады. Мәлімет тапсыру үшін бір ай уақыт беріледі. Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады. Оның қорытындысы бойынша резервке 50 кандидат іріктелетін болады.
Яғни, үміткерлер тестілеуден өтіп, ситуациялық тапсырмаларды шешеді және сарапшылармен сұхбаттасады. Резервке енген жастар мемлекеттік басқару жүйесіндегі жауапты қызметтерге тағайындалады. Бұл - еліміздегі басқару жүйесін жаңғыртудың нақты тетігі және озық ойлы жас көшбасшыларды ынталандыруға үлкен мүмкіндік. Жалпы соңғы бес жылда резервке 400 азамат алынған. Бүгінде оның 318-і мемлекеттік органдар мен түрлі ұйымдарда табысты еңбек етіп жүр.
ЕРЛЕГЕН МЕНДАЛИЕВ – ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
// Биыл президенттік кадр резервіне кезекті төртінші іріктеуді жоспарлап отырмыз. Төртінші іріктеудің ерекшелігі әр бағыт бойынша кондидаттардың бір келкі санын қамтамасыз ету мақсатында әр бір кезеңде пропорцияналды іріктеу өткізу. Яғни резервтің әр салалық бағыты бойынша квоталар қарастырылып іріктеу сол саласық бағыты бойынша болады. Кондидаттарға қойылатын талаптар бойынша жастары 35 тен аспау керек, жоғары білімді, 5 жылдан кем емес еңбек өтілімі қазақ тілін толық меңгергендігі туралы сертификаты болу керек.