Бірнеше үйге ұрлыққа түсті деген күдікпен қызылордалық тұрғын қамауға алынды. Ол жәбірленушілерге бас-аяғы 10 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Қалалық полиция бөліміне наурыз айының 7-8-і күндері екі тұрғын арызданған. Айтуларынша, белгісіз біреу түнгі уақытта үйде адам жоқтығын пайдаланып, пластик терезені сындырып кіру арқылы мүлкін үптеп кеткен. Жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде жергілікті тұрғын ұсталды. Тергеу барысында күдіктінің бұдан бөлек 3 пәтер ұрлығына қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге тиесілі алтын бұйымдар мен өзге де заттар дәлелдеме ретінде алынды. Қазіргі уақытта полицейлер күдіктіні қамауға алып, басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.