Бурабайда өтіп жатқан IV ұлттық құрылтайда төрт секция отырысының екеуі аяқталды. Онда қазақ мәдениеті мен руханияты, азаматтық қоғамның дамуы талқыланды.

  Барлығы 100-ден аса құрылтай мүшелері қатысып, нақты ұсыныстар айтты. Әлеуметті толғандырған өзекті мәселелерге тоқталды. Осылайша Ұлттық құрылтай қоғамдағы маңызды мәселелерді талқылап қана қоймай, нақты шешу жолдарын ұсынатын ықпалды алаңға айналып келеді.

 АИДА БАЛАЕВА, IV ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ ХАТШЫСЫ

 «Азаматтық қоғам» және «Мәдениет.Өнер.Руханият» тақырыбында 2 секция жұмысын жасады. Нәтижесінде 120-дан аса ұсыныс келіп түсті. Ол ұсыныстар қызу талқыланып, көкейкесті ой-пікірлер айтылды. Барлық ұсыныстар құрылтай хатшылығы арқылы мұқият зерделеніп, қаралады.