#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #қадіртүні #рамазанайы
Бүгін - қадір түні. Облыстың бас имамы Дастан Құрманбаев бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесіп, қадір түні қандай іс-шаралар жоспарланғанын жеткізді.
Дастан Жанасұлы қазіргідей құбылмалы, түрлі технологиялар қарыштап дамыған кезеңде халыққа дін тақырыбында жан-жақты сарапталған, тексерілген, шынайы ақпаратты ұсынудың маңызды екенін еске салды. Бұл ретте сырбойылық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері кәсібилігін көрсетіп келе жатқанын айтты. Сондай-ақ, ол облыс мешіттерінде қасиетті Рамазан айында атқарылған жұмыстар жайында баяндап, қадір түні нендей іс-шаралар болатынын жеткізді. Жиын соңында жақсылықтың жаршысы болған журналистерге Дастан Жанасұлы ризашылық білдіріп, құрмет көрсетті.