Бүгін киелі өнердің көрермен жүрегіне жол тапқан күні. Ұлы өнерімізді ұлықтап жүргендер қатарында жастар театры да бар. Жыл өткен сайын жас таланттармен толығып келе жатқан өнер ұжымы жайында келесі сюжеттен білейік.

 Театр – тәрбие бесігі. Көрнекті жазушы Ғабит Мүсірепов «Театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер» деп баға беруі тегін болмаса керек. Мәдениет пен руханият әлемін театрсыз елестету әсте мүмкін емес. Театр тақырыбы қозғалғанда Сыр өңірі сырт қалмайды. Қазақтың тұңғыш кәсіби театрының шымылдығы 1926 жылы осы өңірде түрілді. Қазір аймақта өнердің қара шаңырағымен қанаттас жастар театры да дамып келеді.

БЕРІК АХМЕД - РЕЖИССЕР

Араға жүз жыл салып Еңлік кебек спектаклін қайтадан қойдық сол спектакльмен театр қайта құрылды 2024 жылы. Кәсіби театр болғалы бері 6 бірди қойылым қойылды, атап өтсек Еңлік Кебек, Баймахан Нұрдаулеттің «Сезімді қайтейін», Кен Людвигтің Бикештер комедиясы одан бөлек балаларға арналған қойылымдарда қойылды.Бір жылдың ішінде біз 7-8 қойылымды қойып үлгердік.

 Жас жалынның қабілетін шыңдаған ұжым жас мамандармен толығуда. Солардың бірі - Толғанай Ұлбекқызы. Актриса көптеген қойылымдарда басты рөлдерді сомдап жүр.

ТОЛҒАНАЙ АМАНГЕЛДІ - АКТРИСА

 Ең алғашқы сомдаған рөлім Келін келеді деген Айгүл деген главный героиням. Осы уақытқа дейін жеті- сегіз басты рөлдерде ойнап келдім. Өнер жолы әрине оңай емес, рөл алу оны шығару, қиындығымен қоса қызығы да шыжығы да көп. +00:27 Өзім кішкентайымнан өнерге жақын болдым, өзімнің осы мамандықтың адамы екенімді түсіндім. Сөйтіп Мұхтар Әуезов тегі режиссура мамандығын тәмамдадым. Сөйтіп осы жаққа жұмысқа тұрдым.

Жастар театры көпті жаңашыл қойылымдармен қуантып жүрген шығармашыл ұжым. Басты мақсатымыз талғамы биік көрерменнің көңілінен шығу дейді олар.