#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #әлемкубогы#грузия

Қызылордалық Айдана Ғазизқызы пара дзюдодан Әлем Кубогының жеңімпазы атанды. Грузияда өткен байрақты бәсекеде ел абыройын асқақтатқан жерлесімізді темір жол вокзалынан әріптестері мен жақындары қошеметпен күтіп алды.

 Тбилисидегі дүбірлі додада 20 мемлекеттен кіл мықтылар сынға түсті. 70 келіден жоғары салмақ дәрежесінде күш таластырған сырбойылық Айдана Ғазизқызы жарыс жолында үш жекпе-жек өткізді. Алдымен ресейлік қарсыласын тізе бүктірсе, екінші кездесуінде британ спортшысынан басым түсті. Ал, финалдық бәсекеде Париж паралимпиадасының чемпионы Бразилия палуаны Силва Ребеканы айқын басымдықпен жеңді. Осылайша бозкілемде асқан шеберлік танытқан Айдана Әлем Кубогының иегері атанды. Жалпы бұған дейін Сырдың қайсар қызы екі рет Гран-Приде топ жарып, екі мәрте ел чемпионы атанған болатын. Айдана Ғазизқызының жеке бапкері Жанарбек Сансызбаев.