#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #білім
Ерекше қажеттілігі бар балаларға жүйелі түрде көмек көрсету үшін арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау стандарты әзірленді. Бұл құжат инклюзивті білім берудің сапасы мен мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарды айқындап, мамандардың жұмысын реттейді,-дейді оқу-ағарту министрлігі өкілдері.
Бұдан бөлек, қызмет көрсететін субъектілерге де нақты талаптар қарастырылған. Енді құжат басқа да мемлекеттік органдардың қарауына жіберілмек. Ұлттық білім беру деректер қорының мәліметінше елімізде ерекше білім беруді қажет ететін 235 мыңнан астам бала бар. Оларға 504 білім беру ұйымы қызмет көрсетеді, балалардың 85%-ы арнайы қолдаумен қамтылған.