Көлік жүргізушілері айыппұл төлеуден жалтарса, қоғамдық орында қорқор шеккендер айыппұл арқалап жүр. Полиция қызметкерлері «Құқық тәртібі» жедел іс-шарасы аясында кальян өніміне қарсы рейдтік шара ұйымдастырды.

 Түнгі аралау барысында кафе-барлар мен ойын-сауық орындарынан 14 құқық бұзушылық анықталды. Жалпы саны 11 әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Көңіл көтеру орындарында азаматтарға қорқор өнімін ұсынған кәсіптік нысан иелеріне де әкімшілік шара қолдану қарастырылуда. Полиция заңмен тиым салынған денсаулыққа зиян нәрседен бас тартып, тәртіпке бағынуға шақырады.

 РАУАН ӘЛДЕШОВ — ОПД ЖПҚБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қала орталығындағы көңіл көтеру орындары мен тамақтану орындарында қорқор өнімін пайдалану деректерін алдын-алу мақсатында рейдтік шаралар жүргізіліп жатыр. Жыл басынан осы тектес 50-ге жуық дерегі анықталды. Сонымен бірге, азаматтарға қорқор өнімін пайдаланған, пайдалануға жол берген кәсіптік нысан иелеріне шара қолдану үшін құқық бұзушылықты растайтын құжаттар Қызылорда қаласы санитарлық басқармасына жолданатын болады.