#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #nauryz #жеделжәрдем
Мереке күндері жиырма төрт сағат халыққа қызмет еткен мамандар жетерлік. Солардың бірі - жедел жәрдем қызметі. Мереке күндері 103 қызметіне 6900-ден астам шақырту келіп түскен. Оның ішінде 1679 науқас ауруханаға жеткізіліпті. Бұл жұмыстарды атқаруға жедел жәрдем стансасынан 10 дәрігерлік және 46 фельдшерлік топ жұмылдырылған.
ҒАЛИЯ НҰРСЕЙІТОВА - ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНСАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Енді шақырулардың орындалуы 1-3 санаттағы шақырулар 61 пайызды құрады, 4-санаттағы шақырулар 39 пайызды құрады, барлық түскен шақырулардан. Травмапунктке 197 науқас жеткізілді. Жол-көлік оқиғалары осы мереке күндері 14 жағдайда тіркелді. Оның ішінде зардап шеккендер саны 26. Ауыр жарақаттар болған жоқ. 2 науқас ғана ауруханаға жатқызылды».
Ал облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы үш күн бойы күшейтілген режимде қызмет атқарды. Төтеншеліктер мереке күндері облыс аумағында дабыл бойынша 52 оқиға орнына барса, оның 8-і техногенді сипаттағы жағдайлар.
ДОСЖАН ИСАБЕК - ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ «Осы шығыстарды іріктей келсек 7-уі өртке, өртке жатпайтын жану оқиғаларына 22 рет авариялық құтқару жұмыстарына 13 рет және басқа да шығыстарға 10 рет шықты. Осы шығыстар барысында жалпы 11 адам түрлі себептерден құтқарылды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар тіркелген жоқ».