#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #заңментәртіп
Қызылорда-Жезқазған жолының 2-лотында жұмыс істеп жатқан қытайлық Лунцзянь жол және көпір құрылысы компаниясы 200-дей жүргізушіге жалақы берешек болып отырған-ды. Үш айға созылған мәселенің бүгін нүктесі қойылды. Тиісті қаражат аударылып, еңбек заңдылығы үстемдік құрғанына жұмыскерлер дән риза
Заң мен тәртіп адам құқықтарын қорғап, әлеуметтік әділеттілікті орнатады. Соның айғағы – 3 айға жуық қытайлық компаниядан жалақысын ала алмай келген 200-дей көлік жүргізушісі бүгін көңіл демдеді. Әңгіме Қызылорда-Жезқазған автобанында жұмыс жасап жатқан мердігер компанияға қатысты болып отыр
ВАН ЮЭВЕНЬ – БАС ИНЖЕНЕР /Тапсырыс берушіден қаражат түсті, берешек толығымен өтеледі. Мәселенің оң шешімін табуына ұйытқы болған «Қазавтожол» мекемесіне ризашылығымызды білдіреміз /
Айта кетейік, қыстың көзі қырауда бір күн тоқтамастан инертті материал тасып, «Қызылорда-Жезқазған» трассасында жұмыстың үздіксіз жүруіне ұйытқы болған көлік жүргізушілері адал еңбекақысының өтеуін бір емес, үш ай күтті.
Қазір аталмыш Лунцзянь компаниясы Қызылорда-Жезқазған трассасында өзіне тиесілі жұмыстың 50 пайызын бітіріп отыр екен. Қалған бөлігі жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Жалпы, біздің телеарна аталған учаскелердегі жол құрылысы бойынша алдағы уақытта қосымша ақпарат беретін болады.