#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #ташкент #мәскеу

Ташкенттен Мәскеуге бағыт алған веломарафоншы. 66 жастағы Өзбекстан азаматы Хурсанд Шеров 3000-нан астам шақырымды велосипедпен жүрік өтпек. Және бұл сапарын 9 мамыр күні Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік парадта қорытындылауды жоспарлап отыр.

 Хурсанд Шеров ұйымдастырған бірегей веломарафон 10 наурыз күні Ташкенттен басталған. Саяхатшы осыған дейін Тараз бен Шымкентке аялдап, енді Қызылордаға табан тіреді. Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі ұжымымен кездескен ардагер спортшы бұл шараны Жеңістің 80 жылдығына арнап отыр. Ол осылайша Орталық Азия халықтарының ортақ іске қосқан үлесін көрсеткісі келеді. Марафон бағыты Қазақстан аумағы арқылы өтіп, 9 мамырда Мәскеуде аяқталмақ.

Интершум: «Катюша» әні

ХУРСАНД ШЕРОВ – ВЕЛОМАРАФОНШЫ

// Менің мамандығым кәсіби кино-драма актеры. Бұл жылы ерекше мереке болады. Яғни Жеңістің 80 жылдығы. 9 мамыр күні әлемнің түкпір-түкпірінде атап өтеді, әрине траихты білетін адамдар. Мен велошеруді Өзбекстаннан бастадым. Бұл эстафетаны келесі бекетке дейін жеткіземін. Мені Орал мен Ақтөбеде күтіп отыр. Ол жақта тағы бір батыр қыз – мерген Әлия Молдағұлова бар. Оның да рухына тағзым етіп, Ресейге қарай сапарымды жалғастырамын //