#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #сукодексі#парламент

Парламент жаңа су кодексін қабылдады. Құжатта су ресурстарын пайдалану, гидротехникалық құрылғыларды басқару, мемлекеттік органдардың міндеттері, тариф саясаты, суды үнемдеу тетіктеріне дейін жазылған.

 Әсіресе көктемгі су тасқынына дайындық және онымен күресу тәсілдері нақтыланған. Сенат мәжілістің нұсқасына 19 түзету енгізген. Құжат негізінде су шаруашылығын цифрландыру үшін Ұлттық ақпараттық жүйе құрылады. Ал, гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қатаң тексеріс ұйымдастырылып, қауіпсіздік стандарттары бекітіледі. Мәжіліс Сенат енгізген түзетулермен келісті. Кодекске енді президент қол қоюы тиіс.