#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #театркүні#вена
Бүгін - халықаралық театр күні. Бұл мереке 1961 жылы Вена қаласында өткен IX конгресте ресми бекітілген болатын. Міне, содан бері Халықаралық театр күні елімізде жыл сайын аталып өтеді.
Аймақта екі театр ұжымы халыққа рухани-мәдени қызмет көрсетіп келеді. Соның бірі - Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры. Қазақ өнерінің қара шаңырағына биыл - 70 жыл толады. Бүгінге дейін 400-ден астам спектакль сахналаған мәдени ошақ театр күніне орай «Бекежанов шоу» атты жаңа форматтағы көрініс ұсынбақшы.
СЕРІК ЖАҚСЫҒҰЛОВ - Н.БЕКЕЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Бұл «Бекежанов шоуда» біздің қойылымдағы кейіпкерлер шығып, өздерінің талас-тартыстарын көрсетеді...»